Главная

Сапа қызметі

Құрметті «БТА Банкі» АҚ клиенттері!

Банкте клиенттерге қызмет көрсету сапасы мен деңгейін арттыру мақсатында Сапа Қызметі жұмыс жасайды.

Сапа Қызметі жұмысының негізгі бағыттарының бірі клиенттердің шағымдарымен жұмыс істеу болып табылады.

Егер біздің банкте сізге қызмет көрсету кезінде қандай да бір мәселелер туындаса, сіз төменде көрсетілген кез келген арналар арқылы Сапа Қызметіне шағымдана аласыз.

Банк қызметі жайлы клиенттердің пікірлері біздің бизнесіміздің дамуына қосқан құнды үлесі деп білеміз. Сондықтан егер сіз уақыт тауып, біздің жұмысымыздағы кемшіліктер жайлы хабарласаңыз сізге алғысымызды білдіреміз.

Сіз сондай-ақ банк өнімдері мен үдерістерін жақсарту мен оңтайландыру жөнінде өз ұсыныстарыңызды, идеяларыңызды, кеңестеріңізді ұсына аласыз. Сіздің әрбір ұсынысыңыз міндетті түрде банк мамандарымен қаралады, ал қорытындысын хабарлау үшін Сапа қызметінің қызметкерлері сізбен хабарласады.

Сіздің сұранысыңызды толық қанағаттандыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту, сондай-ақ жіберілген қателіктерді түзетіп, келешекте оны болдырмау мақсатында сіздің ұсыныстарыңыз бен идеяларыңыз банк қызметіне өзгерістер енгізуге қатысты шешімдердің негізі бола алады.

Біз клиенттерге ыңғайлы болу үшін қызмет сапасын жақсартуға байланысты шағым беру мен өз ұсыныстарын білдірудің бірнеше тәсілдерін ұсынамыз:

  • Мына телефондар бойынша Байланыс Орталығына қоңырау шалу:
    271-44-33  - Алматы үшін;
    8-8000-800-111 – қалалық телефоннан Қазақстанның барлық аумағына тегін хабарласу қызметі;
  • + 7 (727) 250-02-24 телефонымен жазбаша түрде шағымдарын қолжазба байланыс құралдары арқылы жіберу ;
  • kachestvo@bta.kz адресіне e-mail арқылы хабарлама беру;
  • шағымдар электрондық нысанын толтыру
Ынтымақтастықтарыңыз бен көмектеріңіз үшін Сіздерге алдын ала рахмет айтамыз.