Шоттармен операциялар
Шотты ашу – тегін.
Банк клиенттен банктің тарифтеріне сәйкес банк операцияларын жүзеге асыру және банк қызметтерін көрсету үшін комиссиялық сыйақыны өндіріп алады.
Банк шот бойынша төмендегі операцияларды жүзеге асырады және қызмет көрсетеді:
- Клиенттің шотына оның басқа шоттарынан, сондай-ақ ҚР резиденттерінің немесе резидент емес тұлғаларының шоттарынан қолма-қол немесе қолма-қолсыз түрде теңгеде және/немесе шетел валютасында түсетін ақшаны есептейді;
- Клиенттің шотынан оның нұсқауы бойынша оның басқа шоттарына, сондай-ақ басқа ҚР резиденттерінің немесе резидент емес тұлғаларының шоттарына теңгеде және/немесе шетел валютасында төлемдер жасайды және ақша аударады. Клиент шотынан төлемдер мен ақша аударымдар тек оның тапсырысы бойынша немесе клиенттің нотариалды түрде расталған тиісті сенімхатымен келген үшінші тұлғаның тапсырысы бойынша ғана жасалады;
- Клиентке оның шотынан теңгеде және/немесе шетел валютасында қолма-қол ақша береді. Үшінші тұлғаларға - ҚР резиденттеріне немесе резидент емес тұлғаларына теңгеде және/немесе шетел валютасында қолма-қол ақша шоттан тек клиенттің нотариалды түрде расталған тиісті сенімхаты негізінде ғана беріледі;
- Клиенттің шот бойынша жасалатын барлық шығын операцияларын банк шоттағы сома шектерінде ғана жүзеге асырады;
- Шот көшірмелері клиенттің талабы бойынша беріледі;
- Қолма-қол және қолма-қолсыз валютаны сатып алу/сату операциялары клиенттің өтініші бойынша оның шотындағы сомалар шектерінде жасалады.
Заңды тұлғаларға ағымдағы шотты аштыруда қажетті құжаттар:
- Жеке басын растайтын құжат (төлқұжат, жеке куәлік);
- ҚР салықтық есебінде тұрғандығын растайтын құжат (СТН куәлігі);


