- Тарих
- Акционерлері
- Директорлар кеңесі
- Директорлар Кеңесінің жанындағы Комитеттер
- Басқарма
- Міндеті
- Рейтінгілер
- Өкілдіктер
- Қашықтан банктік қызмет көрсету
- Марапаттар
- Корпоративті шаралардың күнтізбесі
- Корпоративті басқарудың заңдық жинағы
- Бос орындар
- Анықтамалық ақпарат
- Байланыс
- Акционерлердің жалпы жиналыстары
Міндеті
«БТА Банкі» АҚ Еуропа мен Азияның дамушы нарығындағы қаржылай шешімнің жан-жақты түрін ұсынады.
БТА Банктің құндылықтары
Адалдық пен жауапкершілік
Адалдық – біздің өзара қарым-қатынасымыздың және істі жүргізуіміздің негізі. БТА Банк әрбір қызметкерді рухани құндылық пен қағидаларды қатаң сақтауға бағыттайды. БТА қызметкерлердің, клиенттердің, жеткізушілердің, мемлекет пен қоғамның арасындағы қарым-қатынастарда келісімнің болуын және оның орындалуын өз мойнына алады.
Құрметтеу
БТА әрбір адамды, серіктестерді, клиенттерді, акционерлерді және олардың құқықтарын құрметтейді.
Жақсартуға ұмтылыс
БТА инновацияларды, кәсіби жоғары стандарттар мен кәсіпкерлік рухты қолдап, өнім мен қызмет сапасын үнемі жақсартып отырады.
Жұмыла жұмыс істеу мен ынтымақтастық
Біз бірге жұмыс істеп, еңбектеніп жетістікке жетеміз. Бір-бірімізден үйренеміз. Тиімді моральдық климат пен ынтымақтастық ахуалын, серіктестер, клиенттер, қызметкерлер және акционерлерімізбен өзара қарым-қатынаста жариялылық танытып, өзара қолдау көрсетуге ұмтыламыз.
БТА Банктің қағидалары
Қызметкерлер
БТА тепе-тең мүмкіндік, қызметкерлер мен олардың қызметіне әділ қарау қағидасын ұстанады.
БТА Банктің адами әлеуетін арттыру үшін қызметкерлердің білімін, машығын ұдайы дамытып, кәсіби тұрғыдан жетілуге жағдай жасайды.
Біздің жауапкершілікке негізделген іскерлік тәртібіміз – табысқа жетудің кепілі.
Клиенттер
БТА өз клиенттерін құрметтеп, олардың қаржы жүйесіндегі сұранысын жоғары сапамен қанағаттандыруға тырысады.
БТА өз бизнесін құпиялық , сенімділік негізіне сүйеніп жүргізеді әрі ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастыққа талпынады.
Акционерлер
БТА ұзақ мерзімді акционерлік құнның өсуіне ұмтылады.
БТА тәуекел атаулыны кәсіби деңгейде реттейді.
Іскерлік серіктестер (тауар жеткізушілер мен қызмет ұсынушылар)
БТА қарым-қатынасы өзара тиімді, жария әрі өз міндеттемесіне толық жауап беру қағидасын ұстанады.
Бәсекелестер
БТА бәсекелестермен әділ қарым-қатынас орнатып, өнім мен қызмет сапасын жақсарту арқылы табысқа жетуде.
БТА еркін әрі әділетті бәсекелестік қағидасын қатаң сақтау саясатын ұстанады.
Мемлекет пен қоғам
БТА Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік - құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың актілері мен жергілікті басқару органдарының актілерін орындайды.
БТА өзін қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырып, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінеді.


