Главная

Директорлар кеңесі

Дунаев Арман Ғалиасқарұлы

Директорлар Кеңесінің Төрағасы

1988 жылы С.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін саяси экономия мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты (М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті, 1991 ж.)
Еңбек жолын 1988 жылы жоғарғы оқу орнынан және экономиканың нақты секторы өнеркәсіптерінен бастады. 1992 жылдан 1993 жылға дейін мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарында басқарушылық және басшылық қызметтер атқарды. 1993 жылдан 2000 жылға дейін қаржы холдингі құрылымдары мен банк құрылымдарында маман болып, одан кейін басшылық қызметтер атқарды. 2000 жылдан бері мемлекеттік қызметтер атқарып келеді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік борыштар және несиелендіру департаментінің, мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры болды. 2001 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып тағайындалады. 2002 жылдан бері Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі. 2003 - 2004 жылдары «Ұлттық инвестициялық қор» АҚ Басқарма Төрағасы болды. 2004 -2006 жылдары Қазақстан Республикасының бірінші қаржы вице-министрі, Қаржы министрі , 2006 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрағасы болып тағайындалды.
2008 жылы «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Басқарма Төрағасы міндетін атқарды. 2008 жылдың қараша айынан «Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары болды. Директорлар Кеңесінің шешімімен 2009 жылғы 3 ақпанда «БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.

Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы

Директорлар Кеңесінің мүшесі

1982 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің экономика факультетін үздік бітіріп, «экономист, саяси экономия оқытушысы» біліктілігін алды.
1994 жылы Лондон университетін «ғылым магистрі» (қаржы экономикасы) біліктігімен тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1987 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында алдымен аға оқытушы, содан соң қоғамдық-экономикалық тәртіп кафедрасы секторының меңгерушісі болды.
1994 жылдан бастап Еуропалық Қайта құру және Даму банкінде (Лондон) кеңесші, банкирі міндеттерін атқарды. 1996 жылы ҚР ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, 1998 жылы ҚР Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің Атқарушы директоры болып тағайындалды.
1999 жылдың қаңтарынан тамыз айына дейін ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігінің Төрағасы болды. 1999 жылдың тамызында ҚР Қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2000 жылдың тамызынан «ҚР Халықтық жинақ банкі» ААҚ Басқарма Төрағасы. 2002 жылдың маусымынан бастап ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. 2004 жылғы қаңтардан ҚР Ұлттық банкінің төрағасы.
2009 жылғы 2 ақпанда «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының Кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
«БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен 2009 жылғы 17 ақпаннан бастап «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Юрки Талвитие

Директорлар Кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор

1991 жылы Хельсинки университетін «Халықаралық қаржы» мамандығы бойынша, «Заң ғылымдарының магистрі» дәрежесімен бітірді. 2002 жылы London Business School, Executive MBA-ны тәмамдады, басқарма есебі CRM бойынша, Нью-Йорк банкі, Еуропа. 1990 жылдан 1992 жылға дейін SKOPBАNК бойынша Хельсинкиде менеджер болып қызмет атқарды. 1992 жылдан 1993 жылға дейін Хельсинкиде Union Bank of Finland, Вице-президентінің міндетін атқарды. 1993 жылдан 1995 жылға дейін «Скандинавиялық Банктік Серіктестердің» (Merita Банкі, Den norske Банкі Skandinaviska Enskilda Banken, Unibank), Мәскеудегі Өкілдігінің басшысы, Вице-президенті қызметтерін атқарды. 1995 жылдан 1997 жылға дейін Нью-Йорк Банкінің Мәскеудегі Өкілдігінің басшысы, Вице-президенті қызметтерін атқарды.1997 1997 жылдан 2000 жылға дейін Нью-Йорк Банкінің Лондондағы Вице-президенті болып қызмет атқарды, онда Шығыс Еуропа бөлімін басқарды. Сонымен қатар Мәскеудегі Ұлттық Тіркеу Компаниясы Басқармасының мүшесі болды. 2000 жылдан 2003 жылға дейін Лондондағы Нью-Йорк Банкінің топ қорының Вице-президенті, менеджері қызметтерін атқарды. 2003 жылы Париждегі BNP – Paribas Securities Services Аға Вице-президенті тағайындалды. 2003 жылдан 2005 жылға дейін Халықаралық сауда басшысы болды және Мәскеудегі URALSIB Қаржы Корпорациясының Бас басқарушы директоры міндеттерін атқарды. 2005 жылдан бері EAST CAPITAL–дың Мәскеудегі Өкілдігінің басшысы, сонымен қатар 2006 жылдың қыркүйегінен бері "ТұранӘлем Банкі" АҚ («БТА Банкі» АҚ) Директорлар Кеңесінің мүшесі.

Абай Искандиров

Директорлар кеңесінің мүшесі

2003 ж. Қазақ Мемлекеттік заң университетін (ҚазМЗУ) тәмамдап, «Заңгер» мамандығын алған. Сонымен қатар, Oxford Brookes University - LLM кәсіптілігі бойынша; «Заң ғылымдарының магистрі» (2003 – 2004 жж.) мамандығын, MSc IM кәсіптілігі бойынша; «Экономика ғылымдарының магистрі» (2004 – 2005 жж.) мамандығын алған. 2005 жылдан бастап ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Жетекші маманнан бастап Департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2006 жылғы қазаннан бастап «Қазына» ТДҚ» АҚ Жүйелік жобалар департаментінің директоры, Корпоративтік дамыту департаментінің директоры, Инвестициялар департаментінің директоры қызметтерін және 2007 жылғы қыркүйектен Басқарушы директор қызметін атқарды. 2008 жылы ҚР Президент әкімшілігінің Стратегиялық әзірлеу және талдау орталығы Меңгерушісінің орынбасары болды. 2008 жылғы қазаннан қазіргі күнге дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарушы директоры. 2009 жылғы 6 наурыздан бастап – «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Айдан Карибжанов

Директорлар кеңесінің мүшесі

1994 ж. РФ СІМ Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын тәмамдап, «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығын алған. Әр жылдары Ресей Федерациясының ММК Жекешелендіру жөніндегі кеңесші, ҚР-дағы «Credit Commercial De France» Банк Өкілдігінің кеңесшісі, «Инвестиционный банк «Глобал Казкоммерц» ЖАҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары, «Казкоммерц Секьюритиз» ЖАҚ Бас директоры, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» ЖАҚ Басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2005 ж. тамыз - 2007 ж. ақпан - «VISOR Investment Solutions» АҚ Президенті болды. 2008 ж. желтоқсаннан бастап қазіргі күнгі дейін – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарушы директоры. 2009 жылғы 6 наурыздан бастап – «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Константин Корищенко

Тәуелсіз директор, Директорлар кеңесі

1980 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы. 1984-1988 жж. – «Ғылыми Орталық» ҒЗИ аға инженері, жетекші инженері. 1988 -1989 жж. – Полиграфияның кешенді проблемалары БРҒЗИ аға ғылыми қызметкердің м.а., жетекші инженер, зертхана меңгерушісі. 1992 ж. - 1995 ж. Бағалы қағаздар басқармасының екіншілік нарық бөлімінің бастығы, Бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары – Ресей Федерациясының Орталық банкінің Қаржы нарығындағы операциялар жөніндегі бөлім бастығы. 1995-2000 жж. Бағалы қағаздар департаментінің орынбасары, Ресей Федерациясының Орталық банкінің Ашық нарығындағы операциялар департаментінің директоры. 2000-2001 жж.. – “Фондовая биржа РТС” Коммерциялық емес серіктес президенті. 2001-2002 жж. –“Инвестиционная компания “Тройка Диалог” ЖАҚ басқарушы директоры. 2002 ж. шілде - 2008 ж. қыркүйек – Ресей Федерациясының Орталық Банкінің Директорлар кеңесінің мүшесі, Төрағасының орынбасары болды. 2003 жылы – МБВБ Директорлар кеңесінің Төрағасы. 2008 ж. қыркүйектен қазіргі күнге дейін – «Мәскеу банкаралық валюталық биржасы» ЖАҚ Президенті, «МБВБ Қор биржасы» ЖАҚ Бас директоры. 2009 жылғы 6 наурыздан бастап – «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

* 2008ж. 24 қаңтар күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ атауы «БТА Банкі» АҚ болып өзгертілді.