Басқарма дегеніміз – бұл банктің ағымдағы қызметін басқаратын алқалы топтан құралған атқарушы ұйым. Басқарма төрағадан, оның орынбасарларынан, сондай-ақ банктің басқарушы директорларынан тұрады.
Басқарманың басты қызметі мен өкілеттіктері:
- акционерлердің жалпы жиналысы мен банктің директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- банктің қаржылық-экономикалық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- бизнес-стратегияларды іске асыру;
- аға менеджмент пен банк филиалдарының өкілдерін тағайындау;
- акционерлердің жалпы жиналысы мен банктің директорлары кеңесінің құзыретіне кірмейтін басқа да мәселелер.
"БТА Банкі" АҚ басқармасының мүшелері – Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелде де жұмыс тәжірибесін жинақтаған танымал кәсіпқой мамандар. Басшылықтың жоғары деңгейлі кәсіби шеберлігі арқасында банк алдыңғы қатарлардан табылып, жоғары рейтингілерге ие болып жүр. Басқарма мүшелері әр жылдарда аса ірі қазақстандық және шетелдік қаржы құрылымдарында, сондай-ақ мемлекеттік органдарда басқарушылық қызметтерін атқарып келген.
Банк Басқармасының құрамы
 |
|
Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы
Басқарма Төрағасы
1982 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің экономика факультетін үздік бітіріп, «экономист, саяси экономия оқытушысы» біліктілігін алды.
1994 жылы Лондон университетін «ғылым магистрі» (қаржы экономикасы) біліктігімен тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1987 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында алдымен аға оқытушы, содан соң қоғамдық-экономикалық тәртіп кафедрасы секторының меңгерушісі болды.
1994 жылдан бастап Еуропалық Қайта құру және Даму банкінде (Лондон) кеңесші, банкирі міндеттерін атқарды. 1996 жылы ҚР ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, 1998 жылы ҚР Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің Атқарушы директоры болып тағайындалды.
1999 жылдың қаңтарынан тамыз айына дейін ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігінің Төрағасы болды. 1999 жылдың тамызында ҚР Қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2000 жылдың тамызынан «ҚР Халықтық жинақ банкі» ААҚ Басқарма Төрағасы. 2002 жылдың маусымынан бастап ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. 2004 жылғы қаңтардан ҚР Ұлттық банкінің төрағасы.
2009 жылғы 2 ақпанда «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының Кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
«БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен 2009 жылғы 17 ақпаннан бастап «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
|
 |
|
Варенко Николай Витальевич
Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасары
1994 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдап, экономист біліктілігін алды.
1995 жылы Лондон экономика мектебін «Банк ісі және қаржы» мамандығы бойынша, әулие Анна Оксфордский колледжін іскерлік басқару магистрі дәрежесімен бітірді.
1994 -1997 жылдары РФ Мемлекеттік мүлік комитетінде, Ресей жекешелендіру орталығында, «Deloitte & Touche» компаниясының Мәскеудегі өкілдігінде қызметтер атқарды.
1997-2001 жылдары «Kazkommеrts Securities»ААҚ-ының Корпоративтік қаржы департаментінің директоры болды.
2003 – 2004 жылдары «Химфарм» ААҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, «Central Asia Cement»ААҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы, «Compass» инвестициялық портфельді басқару жөніндегі компаниясы» АҚ Директорлар Кеңесінің Мүшесі, Төрағасы міндеттерін атқарды. 2005 жылдан «Адвант» венчурлік қоры» АҚ Президенті және 2001 жылдан «Visor Investment Solutions» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болды.
2009 жылғы 09 ақпанда «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары болып тағайындалды.
2009 ж. тамыз айынан Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасары болып тағайындалды.
|

|
|
Өтемұрат Берік Мұстайұлы
Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі
2003 жылы Қазақстандағы Экономика мен Болжам жасау Менеджмент Институтының (КІМЕР) әкімшілік іскерлігі мен қаржы негізіндегі бухгалтерлік есеп мамандығын үздік бітіріп, бакалавр ғылыми дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2003 жылы «Эрнст энд Янг» аудитінің сарапшысы болып бастады. 2005 жылдан 2007 жылға дейін жеке меншік секторда қызмет жасады.
2007 жылдан 2008 жылдар аралығында «Қазына» ОДҚ» АҚ корпоративті қаржыландыру департаментінің бас менеджері қызметін атқарды.
2008 жылдың қазанынан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ корпоративті қаржы департаментінің директоры қызметін атқарды. 2009 жылдың маусымынан 2010 жылдың наурыз аралығында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның басқарушы директоры және басқарма мүшесі болды.
2010 жылдың 18 наурызынан бастап «БТА Банктің» АҚ директорлар Кеңесінің шешімі бойынша «БТА Банкінің» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
|

|
|
Жұмахметов Әбіләкім Сейтмағамбетұлы
Басқарма Төрағасының Орынбасары
1981 жылы Қарағанды кооперативтік институтын “Бухгалтерлік есеп” мамандығы бойынша тәмамдаған.1984 жылы Мәскеу кооперативтік институтын бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша бітіріп, «кооперативтік техникумның оқытушысы» біліктілігін алды. 1984-1989 жылдары Қарағанды кооперативтік институтында ассистент, оқытушы болып жұмыс істейді. 1993 жылы диссертация қорғап, Phd, экономика ғылымының кандидаты дәрежесін иеленді. 1994 жылы банк жүйесіне қызметке ауысып, алғашында "Қазкоммерцбанк" АБ Филиалдарымен жұмыс жөніндегі басқарманың маманы, кейіннен "Қазкоммерцбанк" АБ Қызылорда филиалы директорының орынбасары, ал 1995-1998 жылдары филиалдың директоры қызметтерін атқарды. 1998 жылдан бері “ТұранӘлем Банкі” АҚ -ында қызмет етеді, 1998-2000 жылдары “ТұранӘлем Банкі” ААҚ Қызылорда филиалының директоры болды. 2000 жылдың тамызынан бастап “ТұранӘлем Банкі” АҚ (қазіргі «БТА Банкі» АҚ) Басқарма Төрағасының орынбасары.
|

|
|
Ельцов Сергей Валерьевич
Басқарма Төрағасының орынбасары
1997 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» (халықаралық деңгейдегі заңгер) біліктілігін ала отырып, «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясының «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша экономист біліктілігін алады.
Өзінің еңбек жолын 1995 жылы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінде бастайды. 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің Коммерциялық емес заң басқармасының бас маманы, Заң қызметі департаментінің Арыз-шағыммен жұмыс істеу басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.
1999 жылдан бастап «Қазақтелеком» ААҚ-да, содан кейін ҚР Әділет министрлігі «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ-да жұмыс істейді.
2000 жылдан 2007 жылға дейін «Қазфосфат» ЖШС-де заңгер, Заң департаментінің директоры болып жұмыс істеген. 2002 жылдан 2004 жылға дейін «Васильков тау-кен байыту комбинаты» ААҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы болған. 2007-2008 жылдары Заң департаментінің директоры, «Васильков тау-кен байыту комбинаты» ААҚ президентінің жанындағы басқарушы директор-блок басшысы болған. 2007 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін ««Казкоммерц-Полис» СК» АҚ Басқарма Төрағасының штаттан тыс кеңесшісі болып қызмет етеді.
2008-2009 жылдары Заң қызметі департаментінің директоры қызметінен «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ-ның Басқарма Төрағасы лауазымына дейін көтерілген.
2003 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Әділет Біліктілік алқасындағы судья қызметіне емтихан тапсырды, Қазақстан Республикасы судьялар резервіне қабылданды. 2001 жылдан бастап – Халықаралық төрелік сотының судьясы.
2009 жылдың 24 тамызынан бастап «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі. Сондай-ақ 2009 жылдың 7 қазанынан бастап «БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен Банктің комплаенс-бақылаушысы қызметіне тағайындалды.
|

|
|
Қапбасова Күнсұлу Сағдатқызы
Басқарушы Директор – Басқарма мүшесі
1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын тәмамдап, «экономист» біліктілігін алды. 1998 жылы «Қаржы менеджменті» мамандығы бойынша Маастрихт басқару мектебін тәмамдаған.
Қапбасова К.С. өзінің еңбек жолын 1995 жылы бастаған. 1995 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Казкоммерцбанк» АҚ-да Бөлім бастығы, Басқарма бастығы, Маркетинг департаменті директорының орынбасары, Маркетинг департаментінің директоры қызметтерінде жұмыс атқарған.
«БТА Банкі» АҚ-да Қапбасова К.С. 2005 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істейді. Жеке тұлғаларды кредиттеу блогының директоры, Жеке тұлғаларды кредиттеу блогының атқарушы директоры, Бөлшек бизнес сатулары жөніндегі директор, Басқарушы директор қызметтерінде жұмыс істеп, 2008 жылдың шілдесінен 2009 жылдың шілдесіне дейін Басқарушы директор – Басқарма мүшесі, ал 2009 жылдың шілде айынан 2010 жылдың қаңтар айына дейін Банктің Басқарушы директоры қызметін атқарып келді.
2010 жылдың 25 қаңтарынан бастап Басқарушы директор – Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
|

|
|
Абуова Саида Нурлановна
Басқарушы Директор – Басқарма мүшесі
1994 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын тәмамдап, «экономист» біліктілігін алды. 2000 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институтын бітіріп, Іскерлік әкімшілік ету магистрі дәрежесін алған.
С.Н. Абуова өзінің еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 1994 жылдан 1996 жылға дейінгі кезеңде «ТұранБанкі» Қазақ Акционерлік Банкінде жұмыс істеген. 1999-2001 ж.ж. «Казкоммерцбанк» ААҚ-да жұмыс істеген. 2001 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңде «Темірбанк» ААҚ-ның корпоративті қаржыландыру басқармасы бастығының орынбасары, корпоративті қаржыландыру басқармасының бастығы, Басқарушы директор, Басқарушы директор –Басқарма мүшесі қызметтерін атқарған. 2005 жылдан 2006 жылға дейін «ҚазИнвестбанк» АҚ-да Басқарушы директор – Басқарма мүшесі қызметінде жұмыс істеген. 2007 жылы «АТФ Полис СК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы, Директорлар Кеңесінің мүшесі лауазымында жұмыс істеген. 2007-2008 ж.ж. «Қазақстан Демир Банкі» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары болған.
«БТА Банкі» АҚ-да С.Н.Абуова 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп келеді.
2010 жылдың 25 қаңтарында Басқарушы директор – Басқарма мүшесі қызметіне тағайындалды.
|

|
|
Логинова Наталья Сергеевна
Басқарушы Директор – Басқарма мүшесі
1986 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған, мамандығы – Автоматтандырылған Басқару Жүйелері. 1997 жылы «Банк ісі» мамандығы бойынша Алматы банк ісі мектебін бітіріп шығады.
Н.С. Логинова өзінің еңбек жолын 1986 жылы бастаған. 1986 жылдан бастап 1991 жылға дейінгі кезеңде КСРО Халық шаруашылығындағы есеп пен есептілікті механикаландыру және автоматтандыру жөніндегі Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу жобалау-технологиялық институтында жұмыс істеген. 1991 жылдан 1994 жылға дейін КСРО Мемлекеттік банкі Қазақ республикалық банкінің Есептеу орталығында жұмыс атқарған. 1994 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік банкінде жұмыс істеген.
«БТА Банкі» АҚ-да Н.С.Логинова 1997 жылдың мамырынан бастап жұмыс істейді. Басқарма бастығы, Атқарушы директор – Блок директоры, Қаржылық контроллинг жөніндегі директор, Қаржылық контроллинг жөніндегі Департамент директоры, Басқарушы директор лауазымдарында жұмыс істеген.
|
* 2008 жылғы 24 қаңтарда «ТұранӘлем Банкі» АҚ атауы «БТА Банкі» АҚ болып өзгертілді.